Суретті түсірген: Валерий Бугаев
1938 жылдан облыстық «Қызыл ту» деген атпен шығады.
1963-1965 жылдары «Қызыл ту» газетінің жабылып (тың игеруші солтүстік 5 облысқа ортақ «Тың өлкесі» газеті жарық көреді.
Содан, еліміз тәуелсіздігін алған елең-алаң шақта 1991 жылдың 26 қыркүйегінен «Сарыарқа самалы» атауын алды.
Газетке әр жылдары Ғалым Малдыбаев, Балтабек Асанов, Әлімбек Жанғабылов, Әубәкір Аяпбергенов, Сары Мыңбаев, Хамза Сыздықов, Әзілхан Нұршайықов, Омарғали Құдышев, Сұбыхан Шошанов, Балтабай Сейсенбеков, Әлқожа Мұхамеджанов сияқты қазір өмірден өткен ағалар басшылық жасады.
Сонымен бірге Қалижан, Қайыржан Бекқожиндер, Зейін Шашкин, Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев, Нұтфолла Шәкенов, Төлеужан Смайылов, Аманжол Шамкенов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Мүбәрак Жаманбалинов, Рамазан Тоқтаров, Мейрам Асылғазин, Нәсиполла Есімов, Жанат Тұрғанбеков сияқты ақын-жазушылар қызмет жасады.
Келесі буынды марқұмдар Айтжан Бәделханұлы, Қажымұрат Смағұл, Мұқамеджан Дәуренбеков, көзі тірі Төлеубек Қоңыр, Бақыт Баймұратов, Өскенбай Тастемханов, Шолпан Байғалы, Тұрсынбай Ибадуллин, Ғалымбек Жұматовтар жалғастырды.
Осы жолдардың авторы мен де осы газетте 1985 жылы КаЗГУ-дің журналистика факультетін бітіріп, жолдамамен келіп, 1999 жылға дейін қызмет еттім.
Ағалар бізге газет біздің өміріміз екенін, газетте өмір сүрудің не екенін үйретті.
Ұрпақ жалғастығы-үзілмейді. Көз көрген ағаларға–тағзым.
Облыс орталығында мерейтой аясында бұрынғы «Қызыл ту» қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет еткен майдангер-журналистерге арналған 5 мемориалдық тақта орнатылды.
Бұған дейін, соғысының ардагерлері, газет журналистері – Жылқайдар Қарпықовқа, Кәрмұқан Бекбергеновке, Әбдіш Баймурзинге, Бақи Әбдіқадыровтың тұрған үйлеріне мемориалды тақталар орнатылған.
Мерейтой аясында облыстық газеттің «Қызыл ту» аталған кезінде 1962-1981 жылдары редакторы болған Сұбыхан Шошановтың тұрған үйіне ескерткіш белгі орнады.
Газеттің алғашқы редакторы Бейсенбай Кенжебаев атамызға да облыс орталығынан бір көше атауын бергеніміз де дұрыс болар еді.
Қазір заман өзгерісіне сай, облыстық кітапхана газет тігінділерінің электронды нұсқаларын жасауда. «Облыстағы баспасөздің электронды архиві» деп аталатын жобада А1 форматындағы кәсіби сканері пайдаланылуда.
Бұл күндері «Сарыарқа самалының» 1943 жылдан бергі шығарылымдарының жалпы саны 1750 нөмірі электронды түрге көшіріліпті.
Облыс орталығындағы Естай атындағы мәдениет сарайында 90 жылдық мерейтойлық салтанатты кешке ардагер журналистер, зиялы қауым өкілдері, оқырмандары қатысты.
Облыс әкімі Болат Бақауов құттықтау сөзін арнады.
Соңынан газет ұжымында әр жылдары еңбек еткен, газеттің дамуына үлес қосқан журналистер мен қызметкерлерге арналған ас берілді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР